Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
4795 30 пікір 30 Тамыз, 2018 сағат 14:15

Алматыда «Нұрлы жер» мен «7-20-25» тұрғын үйді іске қосу деңгейін арттырды

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Алматы әкімінің сайтына сілтеме жасап.

Мегаполис әкімі Елбасының бастамасы аясындағы «7-20-25» бағдарламасы бойынша Алматыда 5,1 млрд. теңгеге тұрғын үй несиесінің 36%-ы берілгенін атап өтті. Оның үстіне елімізде ұсынылған 1,5 мың пәтердің 40% -ы да осында.

«Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» бойынша таяудағы үш жыл ішінде 37 жатақхана салынады. Қазірдің өзінде 4 мың орынды 7 нысанның құрылысы басталды. Олардың төртеуі биылғы жылы пайдалануға беріледі. Өз кезегінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қалада тұрғын үй салу деңгейін 7,5%-ға дейін көтерді. Бұл осы жылдың 7 айы ішінде 1 млн. шаршы метрден астам үй салынғанын көрсетеді», - дғеп атап өтті Бауыржан Байбек.

Айта кетерлігі, «Алматы жастары» қалалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша соңғы екі жылда Алматы әкімдігі 3 млрд. теңге бөлді. Егер өткен жылы 100-ден астам жас отбасылар жеңілдетілген жағдайда пәтер алса, биылғы жылы 200 пәтер бөлінетін болады.

Abai.kz

30 пікір