Сенбі, 20 Сәуір 2024
3676 0 пікір 29 Тамыз, 2018 сағат 10:40

Қазақстан: базалар мәліметінде 1 миллионнан астам адамның мәртебесі анықталмаған

Қазақстанның бес аймағында (Түркістан, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы) бір миллионнан астам адамның мәртебесі анықталмаған.

28 тамызда үкімет отырысы кезінде Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жыл басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмағанын, бүгінде 1,3 миллион адамның мәртебесі анықталғанын айтты. "Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталып жаңартылды", - деді Әбілқасымова.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев еңбек министрлігі мен облыс билігіне халықтың өзін-өзі қамтып жүргендерді тіркеуді жалғастыруды тапсырды.

2017 жылдың қыркүйек айында парламент отырысына қатысқан президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі қамту салықтан қашу деп, үкіметке оларды көлеңкеден шығаруды тапсырған.

Қазақстан халқы саны ресми статистика бойынша, 18 миллионнан асады. Екі миллионнан астам адам өзін-өзі қамтитындар санатына жатады. Жұмыссыздар саны ресми мәлімет бойынша, 5 пайыздан аспайды.

Abai.kz

0 пікір