Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3511 1 пікір 29 Тамыз, 2018 сағат 10:35

Мемлекет басшысы Сауат Мыңбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары жөнінде мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының мұнай-газ жобаларының бәріне атсалысатын ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігі туралы айтты.

– Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыруды, технологиялық үдерістерді цифрландыруды, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде, – деді Қазақстан Президенті.

Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына компания табысына әсер ететін энергия ресурстарының әлемдік бағасының мұнай нарығындағы ахуал жөнінде баяндады.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

1 пікір