Жұма, 29 Наурыз 2024
Саңлақ 4326 1 пікір 23 Тамыз, 2018 сағат 14:18

Азиада-2018: Ел қоржынына екінші алтын медаль түсті

Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына екінші алтын медаль түсті.

Көп күттірген бас жүлдені велоспорттан Алексей Луценко жеңіп алды. Ол 150 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп, Азия ойындарының чемпионы атанды. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3:25:25. Күмісті жапониялық Фумиюки Беппи, қоланы таиландық Навиту Липхони иеленді.

Тағы бір айта кетерлігі, Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған болатын.

Осы кезекті Азиадада алғашқы алтын медалді семсерлесуші Дмитрий Алексанин жеңіп алған. Ол финалда Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пактан басым түскен болатын.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

 

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1583
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2283
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3620