Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2836 0 пікір 26 Шілде, 2018 сағат 14:40

Сәнге оранған Саялы

Алатау ауданындағы «Саялы» ықшам­ауданы күн санап көркейіп келеді. Алыстан көзтартар көркем үйлері бар бұл ықшамауданның негізгі тұрғындары – мемлекеттік бағдарла­мамен баспаналы болған жас отбасы­лар. «Саялы» тұрғындарының бүлдір­шін­деріне тәлімді тәрбие беріп отырған №78 бөбекжай-балабақшаның көрікті келбеті кім-кімді де сүйсіндіреді.

Балабақша аумағы 2,5 гектарды алып жатыр. Өте кең алқапты жүйелеп, кәдеге асыру да оңай шаруа емес. Дегенмен, бөбекжай-балабақша мең­ге­рушісі Светлана Исаеваның тыным­сыз еңбегінің арқасында балабақша көкпеңбек болып, жайқалып тұр. Бір ғана балабақшаның өрелі ісі бүкіл ау­данға үлгі болып отыр десе де болады.

Қазіргі таңда мұнда күтімді аса қажет ететін шырша ағашының 60 түбі, шие, алмұрт ағаштары самсап тұрса, сирек кездесетін гүлдердің 10-нан астам түрі жайқалып тұр. Жалпы, гүл өсіріп, бау-бақша баптау кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Бұл іске нәзіктік, еңбекқорлық, ыждағат­тылықпен бірге сабырлық та қажет.

Жайқалған балабақша 350-ден астам бүлдіршіннің деніне саулық, іңкәрлікке құштарлық, табиғатқа жақын болуға баулып отыр. Балабақ­ша ауласындағы жасыл желекті күтіп-баптап жүрген ерлі-зайыпты Жұмахан Есенқұлов пен Күлжазира Айтпанбе­тованың еңбегіне ата-аналар да разы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616