Жексенбі, 22 Қыркүйек 2019
46 - сөз 1842 3 пікір 30 Шілде, 2018 сағат 17:57

Фатима Ғабитова туған үй қараусыз қалған

Өркениеттің қадірін білмейтін ел болып кетіппіз ғой. Келер ұрпаққа не көрсетеміз білмейміз. Болашағын ойлайтын оразды елдің баласы болсақ, Тарихқа жанашырлық танытар едік...

Заманында Қапал қала болатын. Қапал қаласында атақты Біләл Сүлейұлы дүниеге келген, мына үйде Фатима Ғабитова туған, тұрған еді. Биыл Біләлдің мерейтойы, ешкім үндемеді. Архивтен Біләл Сүлейұлы мен Фатима қатысты мол қазынасын тауып отырмын, бірақ оларды алуға еш қаражат таппадым. Қалталы азаматтарға өтініш айтып едім, ол да болмады. Бойымызда талап, қабілет болғанымен, қалтамыз тесік. Қайтейік... Өзіңде жоқ болса, әкең де жат деген осы.

Мына 1 суреттегі үй бірнеше жыл бұрын Фатима анамыздың музей болған, бүгінгі халі екінші суреттегідей.... Осы үйді сақтаса, Музей қылып, оған Жетісу тұлғаларына қатысты архив мұраларын жинастырсақ деп едік... Ғалымы, жазушысымен байланысқа түспейтін жергілікті билік өкілдерінің "қызметі" көңіл қуантпай тұр.

"Рухани жаңғыру" аясында не істейік? Қайтпек керек!

Елдос Тоқтарбай

Abai.kz

3 пікір