Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3604 0 пікір 30 Шілде, 2018 сағат 09:01

Өзбекстан билігі жекеменшік телеарнаны жапты

Өзбекстан билігі Самарқан қаласындағы жекеменшік STV телеарнасын "көргенсіздік пен зорлық-зомбылық" хабарларын таратқаны үшін жапқан деп "Интерфакс" агенттігі Өзбекстан ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

"Самарқандағы STV телеарнасының жұмысы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Ташкенттегі Sevimli (Сүйікті) телеарнасына қатаң ескерту жасалды", – деп хабарлайды агенттік.

Ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, телеарна материалдарында "көргенсіздік пен зорлық-зомбылық көріністері" бары анықталған. Телеарна жұмысына мониторинг жүргізген шенеуніктер эфирден берілген кей фильмдер мен музыкалық клиптер "ұлттық менталитетке қайшы және жастар тәрбиесіне моральдық тұрғыдан зиян тигізеді" деп тапқан.

Министрлік "БАҚ туралы", "Ақпарат еркіндігі принциптері мен кепілдіктері туралы", "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" және "Балаларды денсаулығына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы" заңдардың бұзылғаны туралы мәлімдеген.

Бұдан бірнеше апта бұрын Sevimli жекеменшік телеарнасы сексуалдық сипаттағы көріністері бар америкалық "Красотка на всю голову" фильмін эфирден таратқаны үшін көпшіліктен кешірім сұрап, бірнеше қызметкерін жұмыстан босатқан. Фильмдегі кейіпкерлердің сүйіскен сәті және бас кейіпкер әйелдің төсек қатынасы көрсетілетін тұстары сол қалпында эфирден берілген.

Осы үшін әлеуметтік желі қолданушылары телеарнаны сынға алған.

"Әдетте шетелдік фильмдерді көрсетер алдында қызметкерлеріміз өздері қарап шығып, ұлттық менталитетке қайшы тұстарын кесіп алып тастайтын. Фильм эфирден көрсетілген жексенбі күні қызметкерлеріміз аз болғандықтан олар фильмге монтаж жасауды ұмытып кеткен", - деп хабарлаған телеарна қызметкерлерінің бірі Озодлик (Азаттықтың Өзбек қызметі) радиосына.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530