Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2680 0 пікір 17 Мамыр, 2018 сағат 09:38

Өзбекстан мен АҚШ бірқатар ірі келісімдер қабылдады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің АҚШ-қа алғашқы сапары барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды.

Өзбек компаниялары 15 мамырда "White&Case" компаниясының кеңсесінде америкалықтармен әріптестіктің түрлы салалары бойынша - газ және металл саудасы, заң, электрлендіру, құрылыс және саудаға қатысты келісімдер қабылдады.

"Өзбекэнерго" акционерлік қоғамы "General Electric Gas Power Services" компаниясымен Ташкент ЖЭС-іне орнатылатын технологияны таңдауға келісті. "Жизак Петролиум" өзбек компаниясы америкалық "Honeywell UOP" компаниясымен Жизақ облысында ғылыми-өндірістің кластар құрылысы жобасын жүзеге асыру туралы келісім қабылдады.

"Uz – AmericanTrade" сауда үйі "Golden Natural Group" компаниясымен өзбек жемістері мен көкөністерін экспорттауға келісті.

Еске салайық, сәрсенбі күні таңертең Вашингтонға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ресми сапармен келді. Ол АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер жүргізеді. Тараптар төрт миллиард доллардың келісімдеріне қол қоюы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір