Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5497 0 пікір 16 Мамыр, 2018 сағат 16:20

«АЭФ–2018-ге барамын» байқауының қорытындысы шығарылды

Бүгін Астанада XI Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 шарасын өткізу қарсаңында ұйымдастырылған «АЭФ–2018-ге барамын» байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары жеке аккаунттарында АЭФ-тің ресми хештегтерімен Форумға неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады.

Негізгі мақсаты Астана экономикалық форумын жастар арасында насихаттау, жалпы бұқараға күн тәртібіндегі 11 сын-тегеуріннің және іс-шараны Global Challenges Summit-ке өзгертудің мәнін ашу болған байқау 4 және 15 мамыр аралығында өтті.

Бүгін Астана қаласындағы «Hilton» мейманханасында «АЭФ–2018-ге барамын» байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті.

Құрамына АЭФ Ұйымдастыру комитетінің өкілі Динара Жолдаспаева, «Жетінші арнаның» директорлар кеңесінің мүшесі, продюсер, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен белгілі блогер, қоғам қайраткері Ғалым Байтоқ кірген әділқазылар жүзден астам жұмыстың ішінен ең үздік бесеуін іріктеп алды.

Жеңімпаздар АЭФ-ке тегін бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар ақтық сынға шыққандардың Астана экономикалық форумының атақты спикерлерінің бірімен фотоға түсуге керемет мүмкіндігі бар.

Байқау жеңімпаздары:

Әйгерім Тасболат — Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенті, Алматы қаласы;

Әйгерім Серікжанова — «Жас Отан» жастар қанатының өкілі, Астана қаласы;

Сонар Ержан — «Мирас» университетінің студенті, Оңтүстік Қазақстан облысы;

Шайхислам Лайсханов — PHD докторы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, Алматы қаласы;

Надира Сырлыбаева — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2262
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553