Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 4731 0 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 13:27

Құлыбаев Балтық теңізінен порт салатын болды

Ресейдің шетелдік инвестиция жөніндегі үкіметтік комиссиясы қазақстандық бизнесмен, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа Балтық теңізінің Выборгск шығанағындағы Высоцк портын ресейлік акционерлерден сатып алуға рұқсат берді.

Бұл туралы 28 сәуір күні Ресейдің Федералдық антимонополиялық қызметінің басшысы Игорь Артемьев осы ел премьері Дмитрий Медведев қатысқан үкімет мәжілісінің қортындысы бойынша брифингте айтты. Оның айтуынша, Құлыбаев Ресей-Финляндия шекарасынан 50 километр, ал Санкт-Петербургтен 90 километр жердегі Высоцк портын бақылау құқығына ие болады. Алайда порттың сатылуына қатысты қаржы мөлшері айтылмаған.

Ресей үкіметінің ресми сайты "Бұл Кедендік одақ аясындағы жұмыстардың жалғасы және қазақ өкілінің Балтықтағы салмақты активтерді сатып алуы бізді қуантады" деген ​Игорь Артемьевтің сөзін келтірген. Бұл тұста ресейлік шенеунік құрамына Ресей бастаған Беларусь, Қазақстан, Армения және Қырғызстан кіретін Еуразия экономикалық одағын меңзесе керек.

 

Балтық теңізі порттары сайтында Высоцк маңында көмір терминалы, мұнай өнімдерін тарату-жүктеу терминалы, сығымдалған табиғи газ жүктеу терминалы және қашықтан жасалған теңіз терминалы бар екендігі айтылады.Терминалдардың ортақ шекарасы жоқ, көмір терминалына автомобиль және теміржол төселген.

Америкалық Forbes журналы Тимур Құлыбаевтың дәулетін 3,2 миллиард доллар деп бағалаған. Журналдың мәліметінше, оның жұбайы, президент Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева екеуінің дәулетін қосқанда 6,4 миллиард доллардан асады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530