Сенбі, 20 Сәуір 2024
2596 0 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 12:47

Сенат комитетінде ҰҚШҰ аясында құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер қаралды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Хаттама  2012 жылғы 19 желтоқсанда Мәскеуде жасалған болатын. Құжаттың негізгі мақсаты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау болып табылады.

Хаттамамен енгізілген өзгерістер Келісімге қосылу мүмкіндігін ұсынуды және барлық халықаралық құқық субъектілерінің оның тетіктеріне қатысуын, Келісімді іске асыру тетігінің негізгі буыны болып табылатын уәкілетті органдардың құрамын нақтылауды, құпия ақпараттың таралуына жол берген тұлғаға қатысты заң құзыретін нақтылауды, сондай-ақ нақтылайтын және редакциялық сипаттағы түзетулерді көздейді. Осылайша, Хаттамада көзделген барлық ережелер құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуді айқындауға бағытталған.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір