Жұма, 29 Наурыз 2024
Рухани жаңғыру 3555 0 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 10:30

Астанада жетісулықтар жайлы бейнефильм түсірілді

Астана қаласының 20 жылдығына орай Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, Өңірлік коммуникациялар қызметі мен «Жетісу» телеарнасының ұйымдастыруымен «Жетісудан шыққан Астаналық 10 тұлға» тақырыбында бейнефильм түсірілді.

Жоба мақсаты - 1998 жылы Елбасы Жарлығымен Елорда Астанаға көшірілгеннен бері сол жерде қызмет етіп жатқан Алматы облысының тумалары жайлы бейнефильм түсіру, кейінгі жастарға аға буын өкілдерінің өнегелі істерін үлгі ету.

«Жалпы жоба бойынша әр түрлі салада қызмет істеп жатқан 10 тұлға таңдалып алынып, 6-7 минуттық бейнефильм əзірленді. Фильмде әр адам өзінің алғаш Астанаға келгендегі әсерлері, кешегі және бүгінгі Астананың келбеті, өсуі мен өркендеуі, мерекеге орай құттықтаулары айтылады», - дейді жоба авторы Рүстем Қанапиянов.

Аталған тізімде халық қалаулылары, журналистер, саясаткерлер, өнер адамдары, құрылысшы т.б азаматтар бар.

«Бұл фильмдегі әр кейіпкер біздің «Жер жәннаты - Жетісудан» шыққан. Осы жерден қанаттанған. Білім алған. Журналист ретінде мен әр тұлғаның болмысын ашуға тырыстым. Фильмнің сценарийін жазғанда басымдықты кейіпкердің өз сөзіне бердік. Өздеріңіз білетіндей, көп фильмде КСМ (кадр сыртындағы мәтін) қолданылады. Синхрон өте аз. Ал бұл фильмде керісінше, кадрдан тыс мәтін аз, кейіпкердің сөзі молынан қолданылады», - дейді жоба редакторы Сәния Байтарова.

Жақын күндері аталған бейнефильмдер облыстық «Жетісу» телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ, барлық әлеуметтік желілер мен әр тұлғаның Астана жайлы айтылған ойлары мен пікрілері қала көшелеріндегі бильбордтарға ілінеді.

;feature=youtu.be

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3604