Жұма, 26 Сәуір 2024
3177 0 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 08:30

Ферғанада кеденшілерге мәжбүрлеп көше сыпыртқызған

Өзбекстанның Ферғана облысы бойынша Мемлекеттік кеден комитеті басқармасының қызметкерлеріне 10-11 мамырда Ферғана – Алтыарык магистралды жолын сыпыртып, арықтарты тазалатқызған және ағаштарды әктеткізген.

Облыс әкімдігіндегі қызметкердің 11 мамырда хабарлауынша, мәжбүрлі түрде өткізілген сенбілікке кеденшілер, салықшылар және басқа да бюджет мекемелерінің қызметкерлері облыс басшысы Шухрат Ганиевтің жарлығымен шыққан. Ферғана облысы бойынша кеден комитеті басқармасының бір басшысы қарамағындағы қызметкерлердің сенбілікке шығарғанын растады.

Өз есімінің аталмағанын қалаған кеденші органда қызмет ете жүріп көше сыпырғанына арланғанын айтты.

"Басқарма басшысы Азимовтың нұсқауымен біз арық тазалаймыз, көше сыпырамыз, ағаш әктейміз. Бір қызығы, біреу-міреу сұрай қалса, біз махалланың ерікті белсенділері ретінде таныстыруымыз керек болды. Формамызды шешіп, сенбілікке үй киімін киіп келуді тапсырды", - деді басқарма қызметкері.

"Ферғана басшысы Шухрат Ганиев 9 мамырда облыс әкімдігі ғимаратында үлкен жиналыс өткізді. Ол Ферғана облысына президенттің келуі қарсаңында әрбір жерді тазалауды тапсырды. Ол әрбір басшыға, соның ішінде кеден органына да тазалануы қажетті жерді бөліп берді. Ол жерлер дұрыс тазаланбаған жағдайда, облыс басшысы мекеме бастықтарын жұмыстан шығарам деп қорқытқан", - деді облыс әкімшілігінің өкілі.

Айта кетерлік жайт, Ферғана облысында бюджет қызметкерлері мәжбүрлі түрде сенбілікке шыққан күні өзбек үкіметі мәжбүрлі еңбекпен күресу туралы қаулы қабылдаған.

Үкімет құжатында мемлекеттік қызметкерлерді көше тазалау немесе мақта теру секілді жұмыстарға мәжбүрлі түрде шығаруға болмайтыны туралы айтылған. Қаулыда мемлекеттік органдардан, соның ішінде бас прокуратура мен еңбек министрлігінен мұндай үрдісті доғару үшін қажетті шара қолдану талап етілген.

Abai.kz

0 пікір