Сенбі, 20 Сәуір 2024
3880 0 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 09:26

Душанбе мен Ташкент арасында ұшақ қатынай береді

Тәжікстанның азаматтық авиация жөніндегі агенттігі көрші елдің «Узбекистон хаво йуллари» компаниясының өтінішін қарауға кіріскен.

Өзбекстанның ұлттық әуе компаниясы Душанбе әуежайының айлақты жалға алу құны өте қымбат екенін, компанияның табыстан, шығысы көп екенін айтып шағымданған. Душанбе халықаралық әуежай өкілдері болса, бұл шағымның негізсіз екенін, онсыз да көрші елге жеңілдіктер жасалынып келгенін мәлімдеген.

Тәжікстанның азаматтық авиация жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары ​Азиз Набизода "Узбекистон ҳаво йуллари" компаниясының өтініші қаралып жатыр деді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы ұшақ қатынасы үзілмейді.

Өзбек әуе компаниясының Тәжікстандағы өкілі Орифджон Рузимуродов егер тәжік билігі айлақты жалға алу бағасын түсірмеген күннің өзінде, рейс жалғаса береді, тіптен ұшу жиілігін көбейтеміз дейді.

Өзбек әуе компаниясының ұшағы әзірге аптасына екі рет тәжік астанасына қатынайды.

Abai.kz

0 пікір