Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 4556 5 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 09:06

"Жаңа Қазақстан" турасында...

Осы күндері Брюсселде бірқатар ұлт жанашырларының кездесуі өтті. Бұған қатысты БАҚ-та, әлеуметтік желілерде көптеген алыпқашпа әңгімілер мен айып тағулар көрініс тапты. Әрине, әркім түрлі мәселені өздігінше пайымдауға хақылы. Десе де, аталған жағдаят ақпараттық тапшылықтан туындағанын ескере отырып, кей тұстарына түсінік берген жөн.

Неге Брюссель?

Біріншіден, осындай ауқым мен деңгейде бүгінгі Қазақстанда ондай жиын өткізу мүмкін емес екенін барлығығыңыз білесіз (мекен қожайынын жалдау келісімінен бас тартқызу, электрді өшіріп тастау, арандатушыларды жіберіп төбелес ұйымдастару, қатысушыларға алдын ала сес көрсетіп бұғаттау мен тұтқындау, т.б.).

Екіншіден, бұл жобаға Қазақ елінен тысқары жүруге мәжбүрленген "Елім-Жерім" деген азаматтар қатысуға мұрсат алды.

Үшіншіден, Брюссель – 28 еуропалық ел басын қосқан Орталық. Тиісінше оның шешуші ұйымдары - Еуропа Парламенті, Еуропа Комиссиясы, Еуропа Кеңесімен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туды. Бас қосу Қазақты толғандырған көптеген мәселелерге ден қойып олардың ұлттық қана емес, аймақтақтық һәм ғаламдық маңызға ие екендігін айқындады. Бұны аталмыш халықаралық ұйымдар да мойындады.

Алайда Брюссельдегі кездесудің басты жаңалығы – патриоттар бірігіп сөзден іске көшкендігі. Көңілге тигені – “қоғам белсенділері неге ұйқыда жатыр”, “оянса болды қолдар едік” дегендірдің бірқатары айналып шыға келгені. Атап айтқанда, жаңа ғана туған бірлестікті жамандап, оған айып таққаны. Әрине ондай сыншылардың арасында жалданған тролльдер құжынағаны белгілі. Әйтсе де жөні дұрыс ақыл мен есі оң адамдарға Мемлекет пен Ұлт мәселесіне келгенде сондай салғырттық таныту жараспас. Маған десе қорықсаң, қолдамай-ақ қой, ең болмаса бөгет жасамасаш, арамзаны ақтап. Ұят. Бізге Жаңа Қазақстан ауадай керек. Тәуелсіз, әділ, жемкорлықтан ада, өскелең ұрпағы өр Қазақ елі. Онсыз деміміз тарылып құлдық сана-сезім мен өмір салтынан арылмаймыз.

Расул Жұмалының Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616