Сенбі, 20 Сәуір 2024
3895 1 пікір 26 Сәуір, 2018 сағат 09:58

Қазақстанда екі ер адам терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталған

Ақмола облысының Бурабай аудандық соты Щучинск қаласының екі тұрғыны, өздерін "салафитпіз" деп есептейтін 30 жастағы Ғалымжан Әбілқаиров пен 28 жастағы Дадаш Маженовті екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Олардың адвокаты Бақыт Сүлейменованың сөзінше, екеуін де әлеуметтік желілерде "терроризмді насихаттады" деген күдікпен ұстаған.

"Олар біз ешнәрсе таратпадық. Тек біздің ілген аудионы тыңдаған адамдар болған. Біреуінің достығында 420 адам болған, екіншісінде 300 адам болған", — дейді адвокат.

Ғалымжан Әбілқаировтың әйелі Жадыра Бекенова тыйым салынған діни аудиолекцияны күйеуі мен Дадаш Маженовтің 2016 жылы "ВКонтакте" желісі арқылы тыңдағанын, кейіннен оларды өшіріп тастағанын айтады.

"Бұл екі жыл бұрын болған оқиға. Ол кезде бұл файлдарға тыйым салынбаған. Тек 2017 жылы ғана тыйым салу жөнінде шешім шыққан. Одан кейін күйеуім оларды бірден өшіріп тастады. Бірақ олар Интернеттің базасында қалып қояды екен (google-cash болуы мүмкін. —​ ред.), ҰҚК тауып алған," - дейді Жадыра Бекенова.

Оның сөзінше, Дадаш Маженов "ВКонтакте" желісіндегі парақшасын әлдеқайда өшіріп тастаған.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі ресми сұраусыз түсініктеме беруден бас тартты.

Abai.kz

1 пікір