Жұма, 26 Сәуір 2024
3615 3 пікір 23 Сәуір, 2018 сағат 16:57

Жемқорлықты болдырмау - басты мақсатымыз

Тәуелсіздік  алған  күннен   бастап,  Ұлт  көсбасшысы   мақсатты  түрде  және  үнемі   жемқорлыққа  табанды қарсы   күресті  тоқтатпай  келеді.

Қазақстан  Респуликасының  Президенті  Н.Ә   Назарбаев «Қазақстан-2050»  өркендеу  бағдарламасында бәсекеге  қабылетті  30 елдің  құрамына кіру  үшін негізгі  бағыттыгы  тапсырмаларының  бірі-жемқорлықты  жою  болып  табылады.

Жемқорлыққа  қарсы  күресудің   және  оны  болдырмаудың  негізгі  тірегі   Қазақстанның  өркендеу «Қазақстан-2050» және  Қазақстан  Республикасының 2020 жылға  дейінгі  өсу,өркендеу,Қазақстан Республикасы  ұлттық  қауіпсіздік даму,Қазақстанның 2015-2025 жылдар  аралығындағы Жемқорлыққа  қарсы  бағдарламаларында    айқын  көрініс  тапқан.

Жемқорлықты  болдырмау  жөніндегі   күрес  мемлекетіміздің  ең  басты  басымдық  саясатты   бағдарламалары,оның  ішінде  салық  қызметіндегі  Әуезов  аудандық   мемлекеттік  кірістер   басқармасының   алға  қойған басты  тапсырмасы   болып  табылады.

Жемқорлық, мемлекеттің нарықтық саясаттың даму  кезеңінде,экономикалық  және  ұлттық   қауіпсіздікті  қамтемесіз  етуде теріс бағытталған және мемлекетіміздің  дамуына  кедергі жасайтын  әрекеттер болып  табылады. Біз, Қазақстан Республикасының  әрбір  азаматы,осы  әрекеттерге  жан-жақты   қарсы  тұруға және  болдырмауға  міндеттіміз.

Соған  байланысты  Алматы  қаласы   Әуезов  аудандық  мемлекеттік  кірістер   басқармасы жемқорлыққа  қарсы  барлық  шараларды  жүргізуді  қолға  алып,оны  алдын-ала  ескерту, болдырмау  және  жолын  кесуде өз қызметкерлері  арасында  тұрақты  түрде  тәрбиелеу жұмыстарын  жүргізіп келеді.

Мемлекеттік  қызметкерлердің  моральды  бейнесін   көтеру  мақсатында,тұрақты  түрде  алдын  алу  жұмыстары-жеке  әңгімелесу,жемқорлық  жасалған  сәттен  бейнекөріністер,жемқорлық   туралы  құқық  бұзушылық және қылмыстық  заңдылықтарды  түсіндіру  шаралары  жиі  өткізіліп  отырады.  Өндірістік  жиналыстарда   келіп  түскен  арыз-шағымдарға  терең  талдау  жасалып,Алматы  қаласы  Мемлекеттік  кірістер  Департаментінің  сауалнама  хаттарына тыңғылықты  жауап  беру қатаң  тапсырылады.Қызметкерлер  салықтық,әкімшілік  және  жемқорлыққа  қарсы заңнамаға  енген   өзгертулерге  тұрақта  түрде  таныстырылады.

Одан  да  басқа қызметкерлердің  арасында  еңбек  және   жемқорлыққа  қарсы  заңдылықтарды  қатаң орындалуын  қамтемесіз   ету  мақсатында  мемлекеттік  кірістер   басқармасының ғимаратында  бейнежазба  камералары  үздіксіз  жұмыс  жасайды және   салық  төлеушілердің шағымдар  мен  ұсыныстарына  арнаулы   жәшіктер  орнатылған.

Ғимараттың  көрнекті  қабырғасында  кеңсе  қызметкерлерінің   заңға  қайшы  әрекеттерін  айқындау  мақсатында    автоматты  жазбалы ерекшелікті  сызығымен  сымтетіктердің  сандары  8 708 592 90 17,303 42 62 көрсетіліп  ілінген,осы  ақпараттар  арқылы  салық  төлеуші  кез  келген  уақытта   басқарма  басшылығына  өз наразылығын,немесе  өтінішін  кедергісіз жеткізе  алады.

Біздің  мемлекеттік  кірістер  басқармамыз,басқа  басқармалар  арасында  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  уақыт  тәртібін   реттеудің   нақты   кестесін жасауды  ең  алғашқылар  болып  қолға  алды. Онда  салық  төлеушілердің  мемлекеттік қызметке қанағаттануының мақсатты  көрсеткіші,әдептілік,шыншылдық,салық  төлеушінің  сауалына уақытында  ,нақты  жауап  беру, жоғары кәсіптік деңгейлік танытудың  көрсеткіштері   белгіленген.

Салық  қызметінде әкімшілік  реттеудің тәртібін және  айқындығын жеңілдетудің  жүйелік  тапсырмалары  қарастырылған. Біздің  басқарманың  қызметкерлері,жемқорлық  болдырмаудағы   ең  басты  рөльдерінің бірі- мемлекеттік  қызмет  көрсетудің мерзімдерін  қатаң  сақтайды. Осы  мезетте салық  нысандарының  электронды  түрде  тапсырылуын қамтемесіз  етуді және  оны  енгізуді   насихаттаудамыз,электронды  қызмет  көрсетудің  саны  күннен-күнге  артып  келеді. Біздің  басқарма  ғимаратында,  салық   төлеуші өзі келіп,өз  қолтаңбасымен  электронды  түрде салық  нысанын немесе есебін  тапсыруға  мүмкіндігі  бар 2   салық   бекеті  үздіксіз  жұмыс  жасап  тұр. Электронды  түрде  салық  есептілігін  өткізуші  салық  төлеушілер, бұл  жасалған  жағдайларға  үзік  баға  беруде.Біріншіден бұл  жасалған  жағдай  салық  төлеушінің  уақытын көп  үнемдеуде,екіншіден, салық  маманымен жеке  пайдақорлық қызығушылыққа  жол  бермейді және  жеке  байланыс  болмайды.

Одан  да басқа,кейбір  салық  төлеушілердің  туындаған   мәселелерді қылмыстық  айып  болып  табылатын, пара  беру арқылы    шешу  жолдарын  болдырмау,жолын  кесу жұмыстарын қатаң жолға  қойғанбыз.

Жемқорлық  жағдайын  балдырмау  мақсатында,өз  тарапымыздан түсіндіру, қөпшілік  белсенді  жұмыстарыт  жүргізілуде,атап  айтсақ, басқарма ғимаратына    салық  төлеуші  лауазымды  тұлғаға пара берген жағдайдағы қылмыстық  жазалардың колданылуы  туралы жарнамалар,бейнелеулер ілініп, құқық  қорғау   орындары  қызметкерлерімен  бірлескен    жемқорлыққа  қарсы  әрекеттер  жүргізілуде.

Негізгі   қоғам  мен  жеке  азаматтар  табандылық пен  шешімділік  танытып,жемкорлыққа  қарсы  күреспесе,жемқорлыққа  карсы  күресте  нәтиже ,ал мемлекеттік  басқару құзырлы  да  тиімді   бола  алмайды.

Өз  кезегінде,осы  мәселені  шешуде екі  жақ ,немесе мемлекет  пен  азаматтар қатысу  керек, онда лауазымды  тұлғаның парақорлығы қылмыстық іс  екенін   білу  өте  маңызды. Кейбір  азаматтар    жемқорлық  қылмыстық  іс  екенін  түсінбей  тұра,оның  есесіне  оны ынталандырады.

Қорытындысында,біздің  қоғамда   жемқорлыққа  жол да,орын  да   болмау  керек,алайда  ол  мақсатымызға   қандай  жағдай  болмасын   жету  үшін   азаматтық  қоғамның   барлық   институттарының күшін,  мүмкіндігін және  бірлігін   бір қол  астына  жұмылдыруымыз   қажет деп  санаймын.

А.Ж Қабышев 

Алматы   қаласы  мемлекеттік  кірістер Департаменті Әуезов  аудандық Мемлекеттік  кірістер  басқармасының басшысы       

Abai.kz                                                                

3 пікір