Жұма, 29 Наурыз 2024
4147 0 пікір 23 Сәуір, 2018 сағат 13:16

Бердімұхамедов Мирзияевтен қарызға ақша сұрап келді...

 

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бүгін Өзбекстанға екі күндік мемлекеттік сапармен барады. Бұл жөнінде Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Комил Алламжонов Facebook арқылы хабарлады.

Өзбекстан президенті түркімен басшысын "Көксарай" резиденциясында қабылдамақ. Сонымен бірге екі ел президенті Ташкент қаласындағы Ашхабад даңғылының ашылу салтанатына қатыспақ.

24 сәуірде Гурбангулы Бердімұхамедов Хорезм облысына барып, «Улли ховли» мен Хивадағы «Ичан кала» кешеніне бас сұғады деп жоспарланып отыр.

Дереккөзге қарағанда, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұл сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтан ТАПҮ (Түркіменстан- Ауғанстан- Пәкістан-Үндістан) газ құбыры жобасының құрылысына қаражат сұрауды көздеп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1584
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2284
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3621