Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3266 0 пікір 20 Сәуір, 2018 сағат 09:48

АҚШ-тың екі қаласын қаңбақ "басып алған"

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Викторвилл қаласы мен Юта штатының Вест-Жордан қаласын қаңбақ "басып алған". The Washington Post басылымының жазуынша, ондаған үйлердің алды қаңбаққа толы.

Қаңбақты қатты жел жазық даладан алып келген. Желдің жылдамдығы ​ сағатына 110 шақырым болған. Құрақ өсімдіктің басып кеткені соншалық, биіктігі екі метрге жеткен. Тұрғындар үйлерінен әрең шыққан.

Жергілікті билік көше тазалауға көшкен. Олар қаңбақ үлкен өртке әкеледі ме деп қауіптенеді.

Abai.kz

0 пікір