Сенбі, 20 Сәуір 2024
Абай.tv 6930 0 пікір 13 Сәуір, 2018 сағат 08:54

Астана аспанында Шәмші әні қалықтайды

Қадірлі ән сүйер қауым! Көкектің 22-жұлдызында Астана қаласында қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың әндері шарқалатын әдемі кеш өтеді.

Бұл кеште Нұрғали Нүсіпжанов, Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова, Сәкен Жақсылықұлы, Шәкизада, Жеңіс Ысқақова, Жұбаныш Жексен, Гүлмира Ақүрпекова, Заттыбек Көпбосынұлы, Алтынай Жоробаева, Саят Медеуов, Айгүл Иманбаева,Мақсат Базарбаев, Мирас пен Құралай, Клара Төленбаева, Абай Бегей және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Кештің ерекшелігі - жыл сайын Шәмші ағамыздың бұрын-соңды ел алдында айтылмаған 2-3 әні орындалады. Биыл «Мен саған айтам...», «Бір әнім» және «Ұмытылмас студенттік шағымда» әндері шырқалмақ.

Осы жолы өнерпаздардың үш буын өкілі қатысады. Бұрын репертуарында Шәмші әні болмаған әншілер - Абай Бегей, Қайрат пен Жұлдыз, Елжан Оспанов концертте композитор әндерін жаңа әрлеуде орындайтын болады.

Ән кеші Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткелі отыр. Ал жоба жетекшісі - белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі.

Өтетін орны: Астана концерт залы.

Басталуы: 15:00 және 19:00

Байланыс номерлері:

8 7172 75 23 83;

8 702 557 01 76

8 705 892 32 88

;feature=youtu.be

Abai.kz

0 пікір