Сенбі, 20 Сәуір 2024
Өз сөзі 3926 0 пікір 13 Сәуір, 2018 сағат 08:38

Назарбаев: Ли Куан Юді де автократ деген

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасына бір жыл толуына орай өткен жиында сөз сөйлеп, демократия бір сәтте қалыптаса салмайды деп, Құрама Штаттар тарихын мысалға келтірді.

«Мен тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап елді басқарып келемін. Халықтың сенімін ақтап келемін. Батыс қаншама рет айтты: "Біз сияқты, Америка сияқты, Батыс сияқты демократияны енгізіңдер деді. Біз қазақпыз, біз не америкалық, не неміс, не ағылшын емеспіз ғой. Онда тұрған не бар?» - деді Назарбаев. «Біздің өзіміздің санамыз, тарихымыз, тіліміз, дініміз, дәстүріміз бар»,- деп атап өтті ол.

Президент сөзінде «бір күнде мыңжылдық істі аттап өте алмайтынын» айтып, «Құрама Штаттарға қанша жыл? 250? Елу жыл бұрын қара және ақ нәсілділер бір автобуста отыра алмайтын. Әйелдер сайлауға қатыспады. Неге осыны ұмытасыздар?» - деп мәлімдеді Назарбаев.

Ол Сингапурдың бірінші премьер-министрі Ли Куан Юді кезінде «дәстүрді ұстануға шақырғаны үшін» автократ деп атағанын тілге тиек етті. «Менің марқұм досым Ли Куан Юді өмір бойы диктатор, автократ деп атады. Қалайша автократ? Бес жылдан кейін сайланған адамды қалайша диктатор, автократ деп атайды? Біздің өзіміздің жолымыз бар»,- деп мәлімдеді Назарбаев.

Abai.kz

0 пікір