Сенбі, 20 Сәуір 2024
3630 0 пікір 29 Наурыз, 2018 сағат 09:32

Алматыда «Атамекенге ат басын бұр Алаш баласы!» атты дөңгелек үстел өтеді

Тарих тәлкегі қазақты жұмыр жердің түкпір-түкпіріне кетуге мәжбүр етті. Шетелде 5 миллионнан астам қандастарымыз өмір сүруде. Өзбекстан мен Ресей, Қытай мен Моңғолия, Түркіменстан мен Иран, Түркия мен Ауғанстанда мыңнан бастап миллионға дейінгі қандастарымыз бар. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елге Алаш баласының қайтуы қарқынды түрде жүрді. Алайда соңғы уақытта Атамекенге сырттан келетін қазақтың легі саябырси бастаған секілді. Оны статистикада дәлелдейді. Қоғам да, ел де, билік те бұл процестің баяулауын қалыпты қабылдап, "солай болу керек" деп санауға жақын. Ақиқатында сырттағы қазақтың тек 15-18 % ғана елге оралып үлгерген, ал мақсатымыз бар қазақты Қазақстанда жинау еді.

Оның үстіне көрші елдерде саяси һәм әлеуметтік жағдайлар өзгеріп, әртүрлі себептер қандастардың жаппай көшуіне кедергі. Ол қиындықтар сөзсіз талқылауды қажет етеді. Сол мақсатта біз «Атамекенге ат басын бұр Алаш баласы!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырмақпыз. Түпкі мақсат сырттағы қазақты елге оралуға үндеу қабылдау.

Қатысушыға да, журналистке де тіркелу міндетті(себебі орын шектеулі). Өтетін уақыты мен жері: Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 139 мекен-жайында (Ғабдуллин қиылысы) Garden Park Inn қонақ үйінде. Басталуы 15.00-де. 30.03.2018

Байланысу үшін: 87478491787-Баян, 87079635158-Ақнұр

Abai.kz

0 пікір