Жұма, 29 Наурыз 2024
Әдебиет 7131 8 пікір 22 Ақпан, 2018 сағат 11:04

«Мен де талантпын» деп айтайын десем, Абайдан ұялам..

 

  1. Қыстың қыс болғаны жақсы,

Қыздың қыз болғаны жақсы.

  1. Автобустағылар арманшыл болады.
  2. Ару – ақырын сөйлейді.

4.Күлегеш қызға – көктем ерте келеді.

5.У гениев не бывает национальности.

6.Бойы аласа артистен – ойы аласа артист жаман.

7.Тек бізде ғана «Қазақстанның еңбек сіңірген артисі», «Қазақстанның халық артисі» деген атақтарды алып тастады. Неге? Одан мемлекет не ұтты, неден ұтылды? Меніңше осындай идеяны айтып, жоғарғы жаққа жеткізген көкелеріміз болашақты ойламаған сияқты. Мемлекет бір формациядан екінші формацияға өткен шақта, Мүңкір-Нәңкірдей есіктен Нарық келіп төрге шыққанда, пысық артистер бизнеске кетіп, сахнада ат төбеліндей патриоттар ғана қалғанда – олардың осы атағын ауыздарынан жырмау керек еді. «Есекке әйт-шуу деген де дем» демекші бұл атақ үлкен стимул еді. Өкінішті...

8.Не актриса болып роль ойнамаған, не әнші болып ән айтпаған, репертуарындағы ән саны алтыға жетпейтін бір қыздың «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ алғанын естігенде жағамды ұстадым. Не үшін алды екен? Білмедім... Білгім де келмейді...

9.Атақ алғанның бәрі – абыройлы емес...

10.Әкіммен амандассаң – атын қамшылап қаша жөнеледі.

11.Әкімнің баласы – бизнесмен болғыш...

12.Елдің болашағын ойлау – тек Елбасының ғана міндеті емес.

13.Өз қалауымен театрға барып, спектакль көретін бірде-бір әкімді, бірде-бір министрді көргем жоқ. Көрмейтін де шығармын. Өйткені олар биікте жүр. Төмен түскісі келмейді. Олардың ұғымында, театр – төмен өнер.

14.Біреудің талантына бас ию де –талант.

15.Саунада соңғы сыра – тәттірек келеді.

16.И у нас прогресс... от Мамбетова до Бекмамбетова.

17.Баяғыда Америкаға барғанымда продюсер Павел Дэвидсонның айтқаны кейде есіме түседі. «Лос-Анжелесте бәрі сценарист тек қана кәсіби сценаристер ғана емес, көшедегі полицейлер мен таксистерге дейін сценарий жаза береді» , - дейді. Қалжыңы ғой. Бірақ бізде драматург те, жазушы да, журналист те, тіпті депутаттар да – драматург. Арзанқол дүниелерін сахнаға күштеп тығады. Сол үшін де мен оларды «депутат-драматургтер» деймін. ДД-лар.

18.Бүгінде полицейлер пара алғыш емес, маза алғыш...

19.Арзанқол овация, шалдыққан шапалақтар...

20.Банкир бір құлақпен тыңдайды.

21.Теледидарда тек қана түрік, кәріс, үнде, орыстардың сериалдары жүріп жатыр. Телевидение тек уақыт толтыратын жәшік емес, ол – идеология. Кино да, телевидение де – идеологияның бір түрі.

22.Біздегі КВН-дерді көргенде күлмек түгіл, жылағың келеді.

23.Серілік – жастықтың көлеңкесі.

24.Ақшасы барлар – ажалға сенбейді.

25.Жерлеуге барғанда – жеті атаңның болғанына сенесің.

26.Немерең – соңғы тәрбиешің...

27.Ұйқысы тыныш жігіттен – азамат шықпайды.

28.Қатал басшы – бақ, қатыгез басшы – сор.

29.«Қазақ тілінің қамқоршысы» боп трибунадан кеудесін ұрған жазушының немересімен орысша сөйлескенін көргенде таң қалғаным бар. Тіл үйрену – отбасынан басталмай ма?

30.Сыртқы сұлулық – қонақ сияқты. Ерте ме, кеш пе кетеді. Ал ішкі сұлулық – адамның байлығы.

31.Сырты қара адамнан - қорықпа, іші қара адамнан - қорық.

32.«Төреғалиға – Ұлы дала баласы» деп «Қазақстан» телеарнасы ат қойып, айдар тақты. Талайлары таңдай қағып, тақиясы жерге түсті. Ал, Ұлы дала баласы болса, қызы қайда? Атасы мен әжесі бар ма екен? Әй, жоқ шығар. Сондықтан да сол баланың «әй дер әжесі, қой дер қожасы» жоқ...

33.Композитор болу – концерт өткізу емес.

34.Ұлттық идеология болмаса – ұрпақ азады.

35.Қазақстанда көп нәрсе жоқ. Жетіспейді. Аз... Ең сорақысы – бізде патриотизм жоқ.

36.Мен үш нәрсеге алаңдаймын. Біріншіден, енді жүз жылдан соң осы мемлекетіміздің шекарасы осы қалпында қала ма, қалмай ма деп алаңдаймын. Екіншіден, енді жүз жылдан соң ана тіліміз – қазақ тілінің аясы осы деңгейде бола ма, болмай ма деп алаңдаймын. Үшіншіден, біздің Астананың енді жүз жылдан соң осы қалпындағы Астана боп қала ма, қалмай ма деп алаңдаймын...

37.Агроном ақымақ болса – жер азады...

38.Біздер демалыс күндері дем алмаймыз, керісінше шаршаймыз.

39.Қонаққа бару да – өнер.

40.Тамададан басқаның қонаққа аз барғаны – жақсы.

41.Сахна - киелі орын. Абайламасаң, киесі ұрады.

42.Балетке барып, барын салған балеронды көргенде – өнерге келгеніме ұялам.

43.Операға барғанда – эстрадаға жаным ашиды.

44.«Мен де талантпын» деп айтайын десем, Абайдан ұялам...

45.Ақылдылық жасқа байланысты емес екен.

46.Таңертеңгі ой – тұнық болады.

47.Арақ ішкенде «денсаулық үшін» деп ішіп жатады. Өте дұрыс. Арақ ішу үшін де - денсаулық қажет.

48.Күншілдік пен қызғаныш – топастықтан туады.

49.Трубка – понт. Сигарет – әдет. Жаман әдет. Бірақ одан арылудың жолын мен білмеймін. Білгім де келмейді.

50.Биік өкше киген қыздың ойы – аласа.

51.Енесіне ерегескен келін – ернін үлкейтеді.

52.Енесінен жылағандарды білемін,

Енесіне жылағандарды білмеймін.

53.Қатынын мақтаған – қартайғандықтың белгісі.

54.Қазақ соғым сойғанда – жартысын өздеріне, жартысын қонақтары үшін сояды.

55.Арқаның бораны – амалсыз арақ іштіреді.

56.Қазақ тойға барғанда бас тартпағанына ренжімейді, микрофон бермегеніне ренжиді.

57.Бүгінде телефон – тұмарың. Тұмарыңнан айырылуың мүмкін, телефоннан айырылу мүмкін емес.

58.СМС жазғанда – ес болмайды.

59.Көңілшек қыз – көпшіл болады.

Талғат Теменов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2272
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3584