Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
3798 0 пікір 22 Ақпан, 2018 сағат 09:43

Ресей Шығыс Гутаға қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді талап етті

Ресей Дамаск түбіндегі Шығыс Гутадағы жағдайға байланысты бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шұғыл жиналсын деп талап етті. Онда үкіметтік күштер көтерілісшілердің қоршаған анклавында соғыс жүргізіп жатыр.

БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя, "бүгін біз естіп отырған жағдайды барлық тараптар да біліп, жағдайдан шығудың жолдарын ойластыру керек" деп түсіндірді.

Батыс, Біріккен Ұлттар Ұйымы және гуманитарлық топтар сириялық және ресейлік әскери ұшақтардың көмегімен жүргізіліп жатқан астана түбіндегі көтерілісшілер анклавына қарсы шабуылдарға қатты наразы.

Сирияның адам құқықтары жөніндегі мониторинг тобы 18 ақпаннан бері кемінде 250 адамның қаза тапқанын, олардың 60-қа жуығы балалар екенін айтады. 1200 адам жараланған.

Шығыс Гута – Сириядағы "деэскалация аумағының" бірі. Онда соғыс болмауы тиіс. Бұл жөнінде былтыр көктемде Астанада өткен Сирия келіссөзінде тараптар келісімге келген.

Abai.kz

0 пікір