Жұма, 29 Наурыз 2024
3210 4 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 08:41

Астана: Сирия келіссөзі наурыздың ортасына жоспарланып отыр

Сириядағы дағдарысты шешу жөніндегі Астана бейбіт келіссөзі наурыздың ортасында өтеді деп хабарлады Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеген ҚазАқпарат агенттігі.

СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Сирия келіссөзіндегі кепіл елдер Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерінің кездесуі наурыздың ортасында өткізу туралы ұсыныс түскен. «Ол кездесу наурыздың ортасына белгіленіп отыр. Біз кездесуге қатысушылардан осы күнді растауын күтіп отырмыз» деді Жайнақов.

Ал ТАСС агенттігі 20 қаңтарда Мәскеуде сапарлап жүрген Түркия вице-премьері Бекир Боздагқа сілтеп, кездесудің 16 наурызда Астанада өтетінін хабарлады.

Бұған дейін Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзінің келесі кезеңі 20 ақпанда өтеді деп жоспарланған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1575
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3577