Сенбі, 20 Сәуір 2024
2949 0 пікір 20 Ақпан, 2018 сағат 09:32

Алматыда Қырғызстан парламентінің депутаты 2 айға қамалды

Алматы соты Қазақстанда «контрабандалық тауарларға қарсы» операция кезінде ұсталған Қырғыз парламентінің депутаты Дамирбек Асылбек уулуны екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Жергілікті ақпарат агенттіктері сотқа сілтеме жасап, Алматы қаласы Алматы аудандық соты Асылбек уулун тергеу абақтысында ұстау туралы шешім шығарғанын хабарлады.

Ұсталғандар «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы ірі көлемде заңсыз тауар алып өтпек болды» және «трансұлттық қылмыстық топ құрды» деген күдікке ілінген.

Күдіктілердің ішінде қырғыз депутатымен бірге Қырғызстанның тағы екі азаматы бар. Олар — Уланбек Мурадилов пен Чынгыз Абакиров. Үшеуі де екі ай мерзімге қамауға алынған.

18 ақпанда Қазақстанның бас прокуратурасы арнайы операция кезінде ұсталған 35 адамның 33-і тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір