Жұма, 19 Сәуір 2024
46 - сөз 3445 0 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:58

АҚШ президенті Рейганның өміріне жасалған қастандық

АҚШ президенті Рональд Рейганның өміріне жасалған қастандық.

1981 жыл, 30 наурыз.

Ел басқаруға кіріскеніне небәрі 2-ақ ай болған Рейган Вашингтондағы Хилтон қонақ үйінде кәсіподақ өкілдерімен кездесіп шыққан кезінде жауған оқтың астында қалады.

Рейганға оқ атқан адам Джон Хинкли есімді делқұлы болған. Ол бұрын президент Джимми Картерге де қастандық жасамақ боп, ұзақ аңдыған екен.

Хинкли жүйке ауруына шалдығып, ем алып шыққандықтан, ұзақ мерзімге сотталмаған, тек жүйке аурулары емханасына орналастырылыпты. Оның атқан 6 оғынан Рейганнан бөлек тағы да 3 адам түрлі дене жарақатын алды. Президенттің жеке баспасөз қызметкері (басынан ауыр жараланған) өмір бойына мүгедек болып қалды.

Қанат Ескендір

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір