Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
46 - сөз 3643 3 пікір 19 Ақпан, 2018 сағат 08:40

Қиындықтың шешімі - еңбек...

Ертеде парасатты патшалардың бірі халқын сынамақ болып күре жолдың үстіне үлкен тас қойып, бекітіп тастайды. Сосын елдің не істеп, не қойғанын жеткізіп тұру үшін жасырын бақылаушы тағайындайды.

Ең алғашқы болып ол жерден елге белгілі саудагер өтеді. Ол тұрған тасқа кекесінмен зілдене қарап: «Мынаны әкелген адамға көрсетермін. Тауып алып жазасын беремін әлі!» - деп кіжіне сөйлейді де, атын шірене тебініп жөніне кетеді.

Біраздан соң әлгі жерден жасы егде тартқан емші өтеді. Оның да қолынан бар келгені тасқа жиіркене қарап, кінәліні сөгу болады.

Сәлден соң тастың қасына үш дос келеді. Олар да осы жайтты әңгіме етіп, себепшіні жамандайды. Елдің қазіргі жағдайын мазақ етіп, басшыларды айыптайды. Сосын кеш бата басқа түк бітірместен үйлеріне қайтады.

Екі күннен соң тастың қасынан көпті көрген дихан өтеді. Ол тасты көре сала екі білегін сыбанып, оны итеріп жолдан алыстатуға тырысады. Жалғыз өзінің шамасы жетпейтінін білген соң ары-бері өткен жүргіншілерді көмекке шақырады да, көпшілікті жұмылдырып, тасты едәуір жерге дейін дөңгелетіп тастайды.

Диханшы былай шыға алдында жатқан қобдишаны көреді. Ішін ашса, толған алтын-күміс! Сонымен бірге бүктелген қағазды көреді.

Ашып оқыса: «Мынау - сенің сыйақың. Себебі, сен құр шағымдану мен бос айқайға бой алдырмайтын, қиындықтың шешімін еңбекпен табуға тырысатын абзал жан екенсің. Сен сияқтылар әрдайым елге пайдалы, қоғамға қайырлы болмақ», - деп жазылған екен...

Замандас! Ал сен қай топтансың?!

Жанат Бақыт

Facebook-тегі парақшасынан

 

3 пікір