Жұма, 26 Сәуір 2024
4036 0 пікір 16 Ақпан, 2018 сағат 08:36

Өзбекстанда Диагностика орталығының бас дәрігері мекеме ғимаратын тартып алған күні қайтыс болды

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Диагностика орталығында 32 жыл бас дәрігер болып істеген Хасан Сайфиев 4 ақпанда - мекеме ғимаратын тартып алған күні жүрек ауруынан қайтыс болды. 30-ға жуық дәрігер мен медбике облыс әкімдігі ғимараты алдында наразылық акциясын өткізді.

Дәрігерлердің бірінің айтуынша, Диагностика орталығының екі ғимаратының бірін тез арада босату қажеттігін өте кеш хабарлаған.

"4 ақпанда облыс басшысының шешіміне сүйенгендер бізден төрт қабатты орталық ғимаратын тез арада босатуды талап етті. Біздің орнымызға қалалық аурухана мен №2 емхана қызметкерлері келетінін айтты. Түн жарымына дейін біз ғимараттағы құрал-жабдықтар мен аппаратураларды тасыдық", - деді Диагностика орталығының бір дәрігері.

Оның айтуынша, сол күні кешке бас дәрігер Хасан Сайфиевтің жүрегі ұстап қалған. Бас дәрігер жұмыс басында қайтыс болған.

Abai.kz

0 пікір