Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2782 3 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 08:56

Астанада өтетін Сирия жөніндегі келіссөз кейінге қалдырылды

Астанада өтетін Сирия жөніндегі кезекті келіссөз Ресей, Иран және Түркияның сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өтеді. Бұл кездесу келесі айда жоспарланып отыр деді Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Соңғы рет былтыр 21-22 желтоқсанда Астанада кездескен бітімгерлер ақпан айында тағы бас қосамыз деп келіскен. Айдың басында да Әбдірахманов мырза ақпан айының 20-да жаңа келіссөзге дайындалып жатырмыз деген.

«Астана процесіндегі кепіл мемлекеттер — Ресей, Түркия және Иран алдымен сыртқы істер министрлердің басын қосуды жоспарлап отыр. Бұл кездесу де Астанада өтуі мүмкін», -деді ол.

Қазақстан сыртқы істер министрінің сөзінше, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайларға байланысты бәрінің жұмыс кестелері өте тығыз. Сол себептен кездесулер наурыз айында жоспарлануы мүмкін.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3511