Сенбі, 20 Сәуір 2024
3357 0 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:24

Түркіменстанда ұн тапшылығы орнын тұрғындар азығын тәркілеу арқылы толтырмақ

Түркіменстанның солтүстік аймағының билігі жергілікті тұрғындардың артық ұндарын тәркілеу арқылы ұн тапшылығын жоймақшы деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметіне Дашогуз облысының тұрғындары.

"Аймақта қалыптасқан жағдайға байланысты жергілікті билік дәулетті үйлерді тексеріп, ондағы артық ұндарды тәркілеуді қарастырып жатыр", - дейді аты-жөнін жасырған Рухубелент ауданының тұрғыны.

Оның сөздерінше, қазіргі кезде арнайы бақылау комиссиясы тұрғындарды артық азық-түлікті тәркілеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын ескерткен.

Былтыр желтоқсан айының басынан бері облыста сауда нүктелерінде ұн біртіндеп жоғалып, азық-түлік қымбаттай бастады.

Жоғарыдағы ақпаратты Конеургенч пен Болдумсаз ауданы тұрғындары да растады.

"Өткен аптада шенеуніктер егер ұн үйлерде сатылатын болса, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалынады деп ескертті", - дейді Азаттыққа сұқбат беруші.

Abai.kz

0 пікір