Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
46 - сөз 10038 1 пікір 31 Қаңтар, 2018 сағат 11:46

Мамам қайда дейсің-ау, Папам қайда дейсің-ау...

"Мамам қайда дейсің-ау, Папам қайда дейсің-ау..." деп басталатын бір әні бар еді ғой Алтынбек аға Қоразбаевтың. Мәтін авторы Шона ата Смаxанұлы өзі білмей бір көрегендік жасапты осы өлеңінде. Сонау сексенінші жылдарда отырып осы күнгі бір дарақы құбылысты дәл болжағанын айтам да. Мына шумаққа қараңызшы.

"Өз ұлым қандай дана бас,
Келінім қандай дода бас.
Салыпты түскен суретін
Жағажайда жалаңаш.

Әлди, әлди, әләләй,
Ұйықтай қойшы, балам-ай".

Әй, балалар, инстаграм шұқи бермей ұйықтаңдар. Лента жағажай жағалаған жалаңаш қатындарға толып кетті деп тұрған сияқты ма?

Мұрат Есжан

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір