Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4821 0 пікір 29 Желтоқсан, 2010 сағат 05:50

Бастамашыл топ Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзартуды қолдайтын 2 млн қол жинауды жоспарлап отыр

Астана. 29 желтоқсан.ҚР-дың қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы бастаманы қазірдің өзінде 150 мың қазақстандық қолдап отыр, деп мәлім етті бастамашыл топтың басшысы, Семей университетінің ректоры Ерлан Сыдыков.

«27 және 28 желтоқсанда біз аймақтарда сауалнама парағына (ҚР президентінің өкілеттіктерін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту бастамасын қолдау туралы) 148550қол жинадық. Егер осындай қарқынды ұстап тұрсақ, Қазақстан заңында («Республикалық референдум туралы» конституциялық заң) белгіленген меже – 200 мың қол жинауға жетеміз», - деді Е.Сыдыков ҚазТАГ-қа сәрсенбі күні телефон арқылы.

«Біздің бастамашыл топтың өз жоспарлары бар: біз 10-11 қаңтарға дейін жұмыс істеп, мүмкіндігінше көбірек қол жинауды көздеп отырмыз», - деді ол.

Оның айтуынша, сонда референдум өткізу бастамасы (ҚР президентінің өкілеттіктерін ұзарту туралы - ҚазТАГ) «сенімдірек» болады.

«Мұндай қарқын болса, екі миллионға дейін қол жинай алатынымызға сенімдімін», - деді Е. Сыдықов.

Бұрын хабарланғандай, бүгін мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оның президенттік өкілеттіктерін ұзарту мәселесі бойынша референдум белгілеу өтінішімен шықты.

«Біз ҚР парламентінің депутаттары... ҚР президентіне ҚР парламентінің ҚР Конституциясының 54 бабының 2 тармағының 3 кіші тармағына сәйкес республикалық референдумда ҚР Конституциясына ҚР президенті-ұлт лидерінің президенттік өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігін қарастыратын өзгерту енгізу туралы мәселе бойынша республикалық референдум белгілеу туралы бастама туралы ұсыныс енгіземіз», - деді мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда ОСК республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерген бастамашыл топты және ол ұсынған мәселе - президенттің өкілеттіктерін 2020 жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін тіркеген болатын.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, ОСК-да тіркеуден өткеннен кейін бастамашыл топ республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жинауға тиіс. Заңда көрсетілгендей, референдум өткізу туралы ұсыныс қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге мемлекет басшысына жолданады.

Конституциялық заңның 17 бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды.

Сондай-ақ, президент бұл ұсынысты кері қайтаруы да мүмкін.

Оң шешім қабылданған жағдайда ҚР конституциясына сәйкес түзетулер енгізіледі. Парламент басым дауыспен (әр палата депутаттарының жалпы санының бестен төрт бөлігінен кем емес) конституцияға осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы заңды қабылдауға тиіс.

Республикалық референдумтуралы шешімді президентсәйкес жарлық шығару арқылы қабылдайды, онда талқылауға ұсынылатын мәселенің мерзімі мен тұжырымдамасы белгіленеді. Аталған заң бойынша, референдум оны тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бір ай ерте және үш ай кеш емес мерзімде өткізіледі.

Бастамашыл топтың өкілдері мәлімдегендей, референдум 2011 жылдың наурызында өтуі мүмкін.

Кезекті президенттік сайлау 2012 жылға жоспарланған.

0 пікір