Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 5585 15 пікір 22 Қаңтар, 2018 сағат 10:56

Нұрлан Ноғаев: Депутаттар сайланған округтерінде тұруы керек

19  қаңтарда облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев депутаттардың жүмысын сынға алды. Аймақ басшысының пікірінше, халық қалаулылары қызметтік міндеттерін толық орындамайды.
-Сіздерді облыс халқы сайлады. Сайлаушылар аудандарының әл-ауқатын жақсарту бағытында белсенді  жұмыс жүргізіп, ұсыныс айтуларыңызды күтеді. Президенттің тапсырмаларын,    халықты толғандырған мәселелердің шешімін табу  үшін жұмыстану керек. Өкінішке қарай, Жылыой, Мақат аудандары әкімдерінің жылдық есеп беру жиындарында болғанымда облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының жұмыстарын көрмедім. 
27  облыстық депутаттардың 15-і аудандардан  сайланған,  соның біреуі ғана ауданда тұрады, қалғандары қалада. Сайлаушыларын жылына бір-екі рет қана көреді. Халықпен сөйлеспесеңіздер, ортасында болмасаңыздар жағдайды қайдан білесіздер? Елдің жағдайын білмесеңіздер шешім қабылдап,проблемаларды шешу бойынша нақты шараларды қалай ұсынасыздар, - деді облыс әкімі.
Аймақ басшысы жергілікті атқарушы органдар азаматтардың  өмірлерін жақсартуға бағытталған саясатты жүргізіп отырғанын,  осы ретте депутаттық корпус көмек көрсетуі керектігін атап өтті.
-Мәслихаттардың қызметіне күн сайын араласа алмаймыз,  тыс қалуға да құқымыз жоқ. 27 депутаттың 25-і «Нұр Отан» партиясынан  ұсынылған. Менің партияның облыстық филиалының төрағасы ретінде депутаттардың жұмыстарына,  міндеттеріне деген қарым-қатынастарына көңілім  толмайды. Сайлаушылар да қанағаттанбайтынына сенімдімін,-деді Н.Ноғаев.
-Облыс әкімі депутаттарды сол округтерде тұратын адамдардан таңдауды ұсынды. Елдімекеннің  мұң-мұқтажын  білетін, сайлаушылармен күн сайын сөйлесетін, болып жатқан өзгерістерге баға беріп,  мәселелердің шешілуіне нақты идея бере алатын адам депутат болуы керек. Партия алаңында депутаттардың жұмыстарын тыңдауды ұсынамын. Алда бізді үлкен жұмыстар күтіп тұр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын бірге орындауымыз керек. Бүл жұмыстар немқұрайлы  болмауы тиіс,-деді әкім мырза өз сөзінде.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Ерсайын Дүйсемәлиев пен Бөріхан Беркімбаев өкілеттіліктерінен өз еріктерімен босатуға өтініш жасады. Атырау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашев депутаттар басқа облыстарға көшулеріне байланысты осындай шешімге келгендерін айтты.
Abai.kz
15 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590