Сәрсенбі, 16 Қазан 2019
Жаңалықтар 1361 0 пікір 28 Желтоқсан, 2010 сағат 05:45

Ауа райының бұзылуына байланысты Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы автожолдардың кейбір учаскелерінде жол қозғалысы жабылды

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ - Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының бұзылуына, қардың мол түсуіне және бұрқасынға байланысты автожолдардың кейбір учаскелеріне жол қозғалысы жабылды, деп хабарлайды ТЖМ.

«27 желтоқсан 14 сағат 30 минуттан бастап Талдықорған-Қапал жолы көліктің барлық түрлері үшін жабылды, Сарқанд-Үшарал Алматы облысы ірі жүк көліктері үшін жабылды. 27 желтоқсан сағат 16-дан бастап Үшарал-Достық, Үшарал -Өскемен жолдары барлық көліктер үшін жабық», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Шығыс Қазақстан облысында бораннан жолдың көрінбеуіне байланысты 27 желтоқсан 21 сағат 30 минуттан бастап республикалық маңызды Өскемен-Зыряновск-Рахман бұлақтары ( 0-166 км), Омбы-Майқапшағай (Қалбатау-Көкпекті 954-1002 км); облыстық маңызды Өскемен-Тарғын-Самарское (17-145 км) жолдары барлық көліктер үшін жабылды.

Бұрын хабарланғандай, Шығыс Қазақстанда 28-ші желтоқсанға қараған түні қар жауып, бұрқасындатады, желдің күші секундына 20 метрге дейін жетіп, ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеді.

ШҚО ТЖ жөніндегі департаментінің хабарлауынша, «апатты-құтқару қызметтерінің бәрі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, жедел қызметтердің телефондары тәулік бойы жұмыс істеуде. Ауа райының осындай күрделі жағдайларында халыққа елді мекендерден тыс жолдарға шықпауға кеңес береміз», делінген ақпаратта.

0 пікір