Жұма, 19 Сәуір 2024
Сөйле, сурет 9435 5 пікір 18 Қаңтар, 2018 сағат 11:08

Қазақтың фото-тарихы

ФОТООБЪЕКТИВТЕ: ӨЛКЕНІҢ ӨТКЕНІ...

Фотоөнері – фотографияның көрерменге әсер ететін барлық мүмкіншіліктерін пайдалану негізіне құрылған көркем шығармашылықтың бір түрі. Фотоөнері тарихында фотографияны ойлап табушылар мен негізін салушылар қатарына Ж.Н.Ньепс, Л.Ж.М.Дагер (Франция) және У.Г.Ф.Толбот (Англия) сынды өнертапқыштар есімдері айтылады.

Қазақстанда фотоөнері ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан дами бастады. Бірақ бұған дейін ішінара фотоға алғаш түсушілер қатарынан Жәңгір хан мен оның зайыбы Фатиманың (1840), Ш.Уәлихановтың (1847), Құнанбай мен оның кіші әйелінің (1853) есімдері белгілі. Бұл фотолар кезінде әртүрлі тарихи басылым беттерінде жарияланғаны белгілі. Фотоөнері Қазақстанға арнайы сапармен келген  Ресей және шет ел фотографтарының күшімен жергілікті тұрғындардың өмірі мен тұрмысын бейнеледі, жеке адамдар мен отбасылық портреттер түрінде өріс алды. Сол кезеңде Орынбор, Омбы, Семей сияқты қалаларда жекеменшік фотосалондар мен фотопавильондар жұмыс істеді.

Қазақстанда жұмыс істеген фотографтардың туындыларында сол кездегі қала алаңдары мен көшелері, үйлері мен көпір құрылыстары, базарлары мен асханалары, ауыл мен қаланың қайнаған өмір-тұрмысы өз көрінісін табуымен құнды. Бүгінгі күндері мұндай тарихи фотосуреттер еліміздің өлкетану музейлері қорларында сақтаулы. Олардың объектілеріне ХХ ғасырдың басында еңбек адамдары мен олардың шаруашылық, кәсіптік, мәдени, оқу-ағарту  ісі мен даладағы өмірі ілінді. Ресейлік фотографтар халқымыздың қоғамдық, саяси-әлеуметтік, өмір-тұрмысы туралы көптеген танымдық туындылар қалдырды.

Туған өлкемізге қатысты сондай фото-суреттер Ресей мемлекеттік тарих архиві (Санкт-Петербург) қорында сақталған. Аталған архивте жұмыс жасаған кезімізде тапқан өлкемізге қатысты фотосуреттерді назарларыңызға беруді жөн көрдік.  Сонымен  фотообъективтегі өлкенің өткен тарихына көз жіберсек...

Көрінген сонадайдан Гурьевім

Бастауын ХVІІ ғасырдың 40-жылдарынан алатын Гурьев қаласы патша үкіметінің өлкеміздің мол байлығын иеленуіне, Ресей империясының экономикасын жақсартуына игі ықпалын тигізді. Сол кезеңде-ақ Гурьев қаласы сауда орталығына айналды. Қаланың географиялық ыңғайлы жағдайы Каспий теңізі мен Жайық өзені арқылы сумен сауда қатынасын жасау тиімді болды. Гурьев арқылы Астраханға балық, уылдырық, мал өнімдері т.б. тауарлар тасылған. Қалада ХХ ғасырдың басында бір-екі қабаты ағаш және кірпіштен үйлер салынды. Атырау қазақтары қала базарына төрт түлік малдарын сатқан.

 Жайлауда

 

Қалаға жақын Плотовин кемежайы

 

Гурьев. Жайық өзені

 

Гурьев. Теңізде жүзу училищесі

 

Плотовин айлағындағы үйлер

 

Гурьев. Уылдырық дайындайтын жағалау

 

Гурьев. Шіркеу

 

Гурьев. Түрме үйі

 

Гурьев. Жайық жағалауы

 

Плотовин айлағы

 

(жалғасы бар)

Аққали Ахмет, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы

Abai.kz

5 пікір