Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3305 0 пікір 27 Желтоқсан, 2010 сағат 06:07

Референдум шығыны президенттік сайлау өткізу шығынынан аз – ОСК басшысы

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Іс басындағы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020-шы жылғы 6-шы желтоқсанға дейін ұзарту туралы референдумға кететін шығын президенттік сайлау өткізуге кететін шығыннан аз, деп орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Референдум әлі басталған жоқ. Демек, оған республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Бірақ референдумға кететін шығын президенттік сайлауға кететін шығыннан аз екендігін нақты айта аламын. Қазір өтіп жатқан шараларды қаржыландыруға келетін болсақ, ол - ынталы бастамашыл топты қаржыландыру. Мен ол сома шамалы ғой деп ойлаймын, бірақ ол қаражат менде емес. Бірақ ол жұмыс бюджеттен қаржыландырылған жоқ», - деді ол дүйсенбі күні комиссияның отырысында.

Өз кезегінде Семей мемлекеттік университетінің ректоры, бастамашыл топ жетекшісі Ерлан Сыдықов азаматтардан қол жинау бастамашыл топ қаражатының есебінен болады деп атап өтті.

«Қол жинау ол азаматтық бастама және ол қаражатпен өлшенбейді», - деді ол «осы шараға қанша қаражат бөлінбекші» деген сауалға берген жауабында.

Бұрын хабарланғандай, Өскеменде 23-ші желтоқсанда Қазақстан аймақ өкілдерінің қатысуымен өткен жиналыста жұртшылық өкілінің 7 адамнан тұратын тобы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020-шы жылғы 6-шы желтоқсанға дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастама көтерді. Аталған ұсынысты жиналысқа келген 850 делегаттың барлығы да қолдады.

«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, бастамашыл топ ОСК-де тіркеуден өткен соң, референдумға қатыса алатын құқығы бар республика азаматтарынан 200 мың қол жинауы керек.

0 пікір