Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3391 0 пікір 26 Желтоқсан, 2010 сағат 06:36

Жаңаөзен бұдан былай артта қалған, депрессивті қала болмайды; билік оның барлық әлеуметтік-экономикалық проблемасын шешуді уәде етті

Ақтау. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев мұнайшылар қаласы Жаңаөзеннің барлық әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуді уәде етті.

«Депрессивті, проблемалы қаланың орнына Жаңаөзен барлық әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілген қалаға айналады», - деді Қ. Көшербаев сенбі күні журналистерге, өңірге ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жасаған сапар барысында.

«Мұнда орын алған халық наразылығы тұрмысы жөнге келтірілмегендіктен, әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым жетіспеушілігінен, өндірістегі шешілмеген проблемаларға және басқаларға байланысты болса, енді оның бәрі артта қалады», - деп уәде берді әкім.

Оның айтуынша, бұл мақсатқа қол жеткізуге қаланы 2022-ші жылға дейін дамыту бағдарламасы көмектеспекші. Ол бағдарлама жобасын К. Мәсімов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары барысында әзірлеуді тапсырды.

Еске салсақ, биыл Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» компаниясының мұнайшылары бірнеше рет ереуіл өткізген болатын. Көктемде наразылық акциясына осы компанияның барлық кәсіпорындары мен бөлімшелерінен 6 мыңдай жұмысшылар қатысқанды. Мұнайшылар еңбекақыны төлеу жүйесін өзгертуді, компания акцияларының мемлекетке қайтарылуын, және жабдықтар сатып алу жөніндегі тендерлер мен кірісті жаратуда жұмысшы бақылауын енгізуді талап етті. Одан басқа, ереуілдеушілер компания басшыларының жұмыстан босатылуын талап еткенді.

Бұрын хабарланғандай, премьер-министр сенбі күні Жаңаөзенге жасаған жұмыс сапарында үкімет келесі жылы қаланы дамытуға республикалық бюджеттен биыл бөлінген Т15 млрд қаражатқа тағыда қосымша Т15 млрд бөлетінін мәлім етті. Ол бұл қаражатқа мектептер, перзентхана, тұрғынүйлер, жаңа электр тасымалдау желілері салынады деді.

Бір күндік жұмыс сапарын аяқтаған соң үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Астанаға қайта оралды.

0 пікір