Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3371 0 пікір 12 Қаңтар, 2018 сағат 12:19

Қытайлық Huawei Қырғызстанда "ақылды қала" тұрғызады

Қырғызстандағы "Ақылды қала" жобасын қытайлық Huawei Technologies Co компаниясы жүзеге асырады. Компания өкілдерімен келісім-шартқа 11 қаңтарда қол қойылды.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаға 60 млн доллар инвестиция салынған.

Жобаның алғашқы кезеңінде Бішкек және Ош қалаларындағы көшелерде қауіпсіздік күшейтіледі.

Қырғыз премьер-министрі Сапар Исаков жобаны жүзеге асыру бір жарым жылға созылатынын айтты.

Бұған дейін Исаков Huawei – өте күшті компания деп мәлімдеген еді. «Кім «Ақылды Дубай» жобасын жүзеге асырды? Huawei. Технология дәл сол Дубайдағыдай болады», - деді ол.

Abai.kz

 

0 пікір