Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4600 4 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 22:23

Руxани деңгей

Бүгін әсер еткен сөз. Бірде Далай-Лама 20 жыл қытай түрмесінде отырып, неше түрлі зорлық-зомбылық көрген монаxтан қамаудағы өмірі туралы айтып беруін сұрапты.

"Бірнеше рет қауіпті жағдайлар орын алғаны бар..." деп күмілжи жауап берген екен тақуа. Далай-Лама монаx өміріне қауіпті болған жағдайларды әңгімелейтін шығар деп "ол қандай жағдайлар?" деп сұраған көрінеді. Сонда қарт тибеттік: "Менің қытайларды жек көріп кетуіме қауіп туғызған екі-үш жағдай болғаны рас..." деген екен.

Өзіңді 20 жыл бойы күнде соққыға жығып, қатыгездік көрсеткен жауыңа үздіксіз мейірбан болу үшін қандай руxани деңгей керек?!

Ақберен Елгезек

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір