Жұма, 19 Сәуір 2024
3102 0 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 09:21

Қырғыздың ON1 телеарнасы атауын өзгертеді

ON1 («Он бір») телеарнасының директоры ретінде журналист Дмитрий Ложников тағайындалды. Жаңа басшының хабарлауынша, телеарнаға өзімен бірге «Бесінші арна» ұжымының жарымы келген.

Дмитрий Ложников телеарнада ребрендинг жүріп жатқанын да хабарлады. Жаңа телеарна Бішкекте "Форум" ғимаратына орналасады.

ON1 телеарнасының бұрынғы директоры Мамасадык Багышов қызметтен кеткенін растады, бұл мұны арнадағы қайта құрулармен байланыстырды. Оның айтуынша, ON1 атауы өзінің атына тіркелген, болашақта осылай аталтын интернет-телеарна ашылуы мүмкін.

Еске салайық, бірқатар ақпарат құралдары ON1 атауы «Апрель» деп өзгертілетінін хабарлаған.

ON1 телеарнасы екі жыл бұрын ашылған. Әділет министрлігінің мәліметіне қарағанда, оған социал-демократиялық партиясының мүшесі, президенттік сайлауда Сооронбай Жээнбековтің сенімді өкілі болған Каныбек Туманбаев қожалық етеді.

Abai.kz

0 пікір