Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
4926 5 пікір 10 Қаңтар, 2018 сағат 10:23

Ферғана шаруаларын Қарақалпақстанға мәжбүрлеп жіберіп жатыр

Өзбекстанда Ферғана облысының басшысы Шухрат Ганиев аймақтағы 100 шаруашылық басшыларын Қарақалпақстанға мәбүрлі түрде жіберген. Алғашқы топ Қарақалпақстанға 5 қаңтарда аттанды. Ферғаналық шаруалар мұнда мал шаруашылығын ұйымдастыруы тиіс.

Облыс басшысы шаруаларға мұндай бұйрықты жыл басында берген.

"Әрбір шаруаға Қарақалпақстанда мал және егін шаруашылығымен айналысу үшін 100 гектар жер беріледі деді облыс басшысы. Бұнымен бірге, біз Ферғанадағы шаруашылықты қоса алып жүруіміз керек", - деді Ферғана облысының шаруасы.

Ферғана облысы Алтыарық ауданы әкімдігінің бір қызметкері бұл ақпаратты растады. "Облыс басшысы Қарақалпақстанда мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол екенін айтты. Бірақ бұл аймақта мал шаруашылығын қалай дамыту керектігін, малды қайдан алу қажеттігін ешкім айтпады. Бұл мәселелер сол жерде қаралады дегенді ғана айтты", - деді аудан әкімдігінің шенеунігі.

Ферғана облысы әкімдігінің бір қызметкері ферғаналық шаруаларға аз пайыздық мөлшермен несие берілетінін хабарлады.

Ферғана облысы Фуркат ауданының шаруасы Очил Бегматовтың айтуынша, Қарақалпақстанда мал шаруашылығын аяққа тұрғызуға ұзақ уақыт керек. "Мал шаруашылығын көтеру үшін кем дегенде он жыл қажет. Сол себепті мен ферғаналық шаруаларды Қарақалпақстанға жіберу арқылы қателік жіберіп отыр", - деді ол.

Abai.kz

5 пікір