Жұма, 19 Сәуір 2024
4623 0 пікір 29 Желтоқсан, 2017 сағат 08:55

Қырғызстанда Бесінші канал журналистері жаппай жұмыстан кетіп жатыр

Қырғызстанда мемлекеттік мүлікті басқару қоры Бесінші каналдың мүлкін тізімге алып жатыр. Ал қызметкерлері қаржылық проблемадан жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Телеканалды кім басқаратыны әзірге белгісіз.

Бесінші каналдың қазіргі иесі ретінде танылатын мемлекеттік мүлікті басқару қорының төраға орынбасары Бекболот Алиев қандай қиындық болса да, телеарна жұмысын жалғастыра беретінін айтады.

"Телеканалдың барлық мүлкі, техникалары, құжаттары түгенделіп жатыр. Басшылық және бірқатар қызметкерлері жұмыстан босатылады. Ал техникаға жауаптылар жұмыстарын жалғастырып жатыр. Арнаның эфирі тоқтамайды", - деді Алиев.

Алайда телеарнаны қаржыландыру жағы әлі белгісіз. Бекболот Алиев бұл мәселеге қатысты үкімет жауап береді дейді.

Телеканал ұжымы 27 желтоқсанда жұмыстан кететіндерін жариялады. Компания директоры Евгения Бердникова 15 желтоқсанда қаржылық проблемадан дәл осындай арыз жазғанын хабарлаған.

Бұл телеарнаның бастапқы аты КООРТ болған, әрі бұл елдің бұрынғы президенттері Асқар Ақаевтың, кейін Құрманбек Бакиевтің айналасындағы адамдарға тиесілі болатын. 2011 жылы компания мемлекет меншігіне өтті. Онда 80 адам жұмыс істеп келді.

Abai.kz

0 пікір