Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4706 3 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 16:54

Қазыналы қартымыз еді...

 

 

Ұлы даламыздағы жер мен судың, тау мен тастың, көне елді-мекендердің атауын, тарихын, шежіресін терең білген, әрі соның бәрін қағазға түсіріп, қаттап отырған қазыналы қартымыз Молдияр Серікбаев ақсақал дүние салыпты.

Молдияр Серікбаев 1933 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Жаңаталап жеті жылдық мектебінде сауат ашып, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауылында Абай атындағы он жылдық мектепті тәмамдаған. 1951 жылы С. М. Киров атындағы Университеттің геологоия-география факультетінің геология бөліміне түсіп, аталған оқу орнын 1956 жылы 26 маусымда тәмамдаған. Мамандығын куәландыратын дипломы қолына тиісімен  Екатеринбург қаласында орналасқан КСРО-ның құрылыс минситрінің жанындағы Орал геолнерудтресстің  геологиялық экспедициясына қызметке тұрады.

 

1958 жылдан бастап 1972 жылға дейін жерді картаға түсіру экспедициясында геолог болып қызмет атқарды. Бұл экспедицияның  құрамында Ленинградтан, Мәскеуден, Воронежден, Самарқанттан, Киевтен, Львовтан жоғары оқу орындарын  бітірген кешенді білімі бар геологтар жұмыс істеді.

 

1972-1991 жылдар аралығында Қ. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдыр иниститутында бас маман, жетекші инженер болды.

 

1991-1993 жылдар аралығында геология министрлігінің қазақ геология қорында жетекші маман болып істеді.

 

Картография-геодезия қорының шақыруы бойынша ол 1994-95 жылдары қазақ тілінде әкімшілік-аумақтық карта жасап шықты. 1995-2003 жылдар аралығында 14 облыстың аумақтық-әкімшілік картасын жасады. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Қорғаныс министрлігінің картография саласымен айналысатын орталығында болып,  Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, Қытаймен және Орта Азия  елдерімен шектесетін аймақтарын қамтыған  26 парақтан тұратын аумақтық-әкімшілік картасын қағазға түсірді.

Молдекең әдебиетте, мәдениетте, ғылымда, спортта, саясатта, т.б. есімдері ерекше әспеттелген, дәріптелген, көзінің тірісінде құрмет көрген, даңыққа бөленген бағылан ерлердің сойынан еді жарықтық. Бірақ, қоңырқай ғана ғұмыр кешті. Ешкімге сідетін артқан жоқ. Сіздей оғыланды қазаққа берген Жаратқан Иеміздің дархандығына шүкір етеміз. Бақұл болыңыз, Молдаға!

Abai.kz порталының ұжымы

3 пікір