Сәрсенбі, 23 Қазан 2019
1653 0 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 10:11

Қырғызстанда оқушылар генератор газынан жаппай уланған

Қырғызстанның Шу облысы Кегеті ауылында Исаев атындағы орта мектептің 50 оқушысы генератор газынан жаппай уланып қалған.

Төтенше жағдайлар қызметі мәліметі бойынша, 27 желтоқсанда 7 және 8 сынып оқушылары мектептің спорт залында жаңажылдық кеш ұйымдастырған. Электр жарығы сөніп қалғандықтан, олар генератор пайдаланған. Үш сағаттан кейін оқушылар жедел жәрдем шақырған. Қазір емделушілердің жағдайы бірқалыпты.

27 желтоқсанға қараған түні Қырғызстанның бірқатар аудандарында қатты қар жауып, электр сымдары үзілген. Бішкектің жартысы мен Шу және Талас облысының бірқатар ауданы жарықсыз қалған.

Abai.kz

0 пікір