Сейсенбі, 22 Қазан 2019
46 - сөз 3305 3 пікір 28 Желтоқсан, 2017 сағат 09:53

Ұлттық қордың 22 млрд долларының "қамауға" алынуының астары

Өзгені білмеймін, Ұлттық қордың 22 млрд долларының "қамауға" алынуының астарынан ресейліктердің ықпалын көремін. Мəселе осыдан оншақты жыл бұрын басталыпты.

2006 жылы Украина мен Ресей арасында газға қатысты дау шыққанда, Молдовия елі тек "Газпром" газына байланып қалмауға бекініп, балама жол іздейді. Сөйтіп, түркімен жəне қазақ газын алуға болатынына көз жеткізеді. Əлгі молдовиялық кəсіпкерлердің келгені де сол кез. Олар біздің газды өз еліне жеткізбек болады. Міне, дəл сол кезде мəселеге Кремль араласады да Молдовия басшыларын қыспаққа алады. Ал сол кездегі Молдовия президенті Воронин мəскеушіл адам болған. Ол біздің жаққа хат жолдапты. Сөйтіп біз əлгі молдован кəсіпкеріне тарпа бас салыппыз. Сөйтіп бүгінге дейін жеткен соттасу басталған екен. Яғни, орыс билігінің дегенінен шыға алмаппыз.

Өз газымызды сатып алмаққа келген кəсіпкерді жығып, Мəскеуге өзіміз ғана кіріптар болып қалмай, біздің өнімді орыстардың ықпалынан құтқарар балама жол санаған молдовандарды да жығып беріппіз.

Айтпақшы, бұғатталған 22 млрд доллар 2018 жылдың күзіне дейін "тұтқында" жатуы мүмкін деген ақпарат бар.

Амангелді Құрметұлы

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір