Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3898 2 пікір 27 Желтоқсан, 2017 сағат 09:38

Студент қырғыз премьер-министрін Өзбекстан президенті сияқты жұмыс істеуге шақырды

Жалал-Абад мемлекеттік университетінің студенті премьер-министр Сапар Исаковты «Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев секілді жұмыс істеуге» шақырды.

Бұл үндеу 26 желтоқсанда Қырғызстан үкімет басшысының Жалал-Абад университеті студенттерімен кездесуі кезінде айтылған.

Атап айтқанда, студент көрші елдің мемлекет басшысы отырыс кезінде тапсырманы дұрыс орындай алмаған бірнеше министрлерді жұмыстан шығарғанын мысалға келтірді. Оның сөзінше, қырғыз билігі өкілдері де осындай кесімді шешім жасауы тиіс.

Өз кезегінде Сапар Исаков үкімет мүшелеріне жабық есік жағдайында қатаң талап қоятынын, қажет болған жағдайда шенеуніктерді жұмыстан босату шешімі қабылданатынын атап өтті. Бірақ ол мұндай мәселені көпшілік көзінше жасаудың қажеті жоқ деді.

Abai.kz

2 пікір