Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
3884 1 пікір 27 Желтоқсан, 2017 сағат 09:37

Өзбекстанда президент сынынан кейін бірнеше жол бекеті жойылды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев бірер күн бұрын халыққа арнаған жолдауында облыс арасында тұратын бірнеше жол-патрульдік бекеттерді сынға алған.

Артынша бірқатар облыстарда ішкі патрульдік бекеттер алынып тасталған. Бірақ жол-патрульдік күзеттер облыс арасында жұмысын жалғастырып жатыр.

Шавкат Мирзияев бекеттер сауда-экономикалық қарым-қатынасқа, ішкі және сыртқы туризмге кері әсерін тигізеді деген болатын.

«Өздеріңіз ойлаңыздар, қазір біздің аумақта 60-тан астам бекет бар. Қатардағы азамат Хорезмнен Ташкентке көлігімен жету үшін, 17 бекеттен өтуі тиіс. Ферғана облысына баратындар 8 қосыннан өтеді», – деген еді президент.

Осыған байланысты мемлекет басшысы күзеттер санын қысқартуды бұйырған.

Әндіжандық жүргізушінің хабарлауынша, 23 желтоқсанда Алтынкөлден Әндіжанға кіреберістегі қосынды алып тастаған.

– Бұл жерде инспекторлар себепсіз көліктерді тоқтатып, ақша алатын. Қазір мұндағы күзетті алып тастапты. Бекетте тек бір ғана милиционер тұр. Жүргізушілердің бәрі разы, – деді әндіжандық жүргізуші.

Abai.kz

1 пікір