Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8980 0 пікір 19 Желтоқсан, 2010 сағат 09:10

Сейітқали Дүйсенов Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»

Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі Міржақып Дулатов сол кезде «Қазақ» газетіне "Қайтсек жұрт боламыз?" деген мақала жазып, "Жауап біреу-ақ, әскеріміз бол­са ғана жұрт боламыз" - деп өзі жолын көрсетеді. Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Жақып Ақбаев «Әскер құрамы 26,5 мың адам болуы қажет» деген ұсыныс жасай­ды. Алаш әскерінің атқаратын басты міндеті: ақтар мен қызылдардың арасындағы соғысқа бару емес, елінің тыныштығын сақтау, сырттан келген жауға қарсы тұрып, еліне қорған болу, делінген. Әскердің түрі - атты һәм тұрақты әскер принципімен құрылады. Патшалық Ресей қарулы күштерінің құрылымы үлгі ретінде алынады.

Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі Міржақып Дулатов сол кезде «Қазақ» газетіне "Қайтсек жұрт боламыз?" деген мақала жазып, "Жауап біреу-ақ, әскеріміз бол­са ғана жұрт боламыз" - деп өзі жолын көрсетеді. Алаштың көрнекті қайраткерлерінің бірі Жақып Ақбаев «Әскер құрамы 26,5 мың адам болуы қажет» деген ұсыныс жасай­ды. Алаш әскерінің атқаратын басты міндеті: ақтар мен қызылдардың арасындағы соғысқа бару емес, елінің тыныштығын сақтау, сырттан келген жауға қарсы тұрып, еліне қорған болу, делінген. Әскердің түрі - атты һәм тұрақты әскер принципімен құрылады. Патшалық Ресей қарулы күштерінің құрылымы үлгі ретінде алынады.

Ұлттық әскер құруда ақгвардияшылдардан көмек алу ұйғарылып, ақгвардияшылар мен казак офицерлері алаш әскерін құруға нұсқаушы ретінде тартылды. Оларға жы­лына 810 мың сом жалақы тағайындалады. 100 мили­ционерге (жауынгерге) бір офицер, елу милиционерге бір нұсқаушы бекітіледі. 30- 35 жастағы қазақ азаматтары ерікті түрде әскерге алынатын болады. Сарбаздарға Алаш үкіметі қазынасынан жалақы төленеді. Оның мөлшері жергілікті жердің қаржы мүмкіндігіне байланыс-ты шешілді. Мысалы, Қостанай уезінде 650 сом болса, Ойыл­да 50 сом болды. Әр жауынгер өзіне қару-жарақ, ер-тұрман, жүген, киім сатып алуға тиісті делініп, ол қаржыны жергілікті Алашорда үкіметінің орган­дары бөлді. Әскери қызмет мерзімі 1 - 1,5 жыл болып белгіленді. Бірқатар уездерде 19-25 жастағы қазақ жігіттерін әскерге мобилизациялау жүргізіліп, дені сау, дәрігерлік тексеруден өткен азаматтар алынды. Әр 25 үйден (кейбір жерлерде 50 үйден) бір азамат әскерге тартылып, жалғыз ер азаматы бар үйлер басқа асы­раушысы болмаса, әскерге алынбайтын болды.

Әскер құру ісін және оған басшылық жасауды 3 адамнан тұратын Алашорданың Әскери Кеңесі басқарды. Әскери Кеңеске большевиктерге қарсы күресу үшін әскерге жігіттер шақыру міндеті жүктелді. Қазақ жігіттерінен офицерлер дайын­дау үшін Орынбор қаласындағы юнкерлер училищесінің мүмкіндігі пайдаланылды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында милиционерлер саны 13,5 мың, яғни Бөкейде - 1000, Орал­да - 2000, Торғайда - 3000, Ақмолада - 4000, Семейде - 1500 және Жетісуда 2000 адам болсын деп белгіленді.

Әскер құру тура­лы 1918 жылы 8 маусым­да Ә.Бөкейхановтың бас- шылығымен өткен Әскери Кеңестің қаулысында: «1.Мили- ция керек. 2. Милицияның аты болсын. 3. Милицияға әскер беру міндетті емес, ұлт үшін тіленіп жазылғандар болсын. 4.Милицияға керек ат, ақша жинау еркі облыстық комитет­те болсын» деп көрсетілді.

Бұл мәселе жөнінде ұлт зиялылары: «Әскерге тарты­латын адамдар қаржы дайын болғанша, офицер, инструк­торларды дайындау керек - бұл бір. Екінші - милицияға керек қару-жарақ атты ка­зак әскерінен табылмас па... Үшіншіден - соңғы кезде «Юго-восточный союз» деп мойын созғанша, Орал, Орын­бор, Сібір, Жетісу атты казак­тары мен Алашордаға қараған қазақ-қырғыздармен бірігіп, өз алдында «Восточный союз» жасау қолайлы деп есептейміз. Бұл пікірді Орынбор атты ка­зактары қуаттап отыр. Әуелі Алаш автономиясына қараған жердің аламайы дөңгеленіп, қазіргісінен гөрі қолайлырақ болмақ. Алаш автономиясы­на бұлайша Союз жасау өте қолайлы» деп әскер құрудың тиімді жолдарын қарастырады.

Зерттеуші М.Әбсәметовтың пікірінше алаш әскерінің фор­масы болған. Жағасына жүні өсіңкі емес тері жүргізіп, пішінін мұсылман шәкірттерінің камзолына ұқсатып тіккен. Бірақ бұл форма барлық алаш әскерлерінде болмаған сияқты. Мысалы, Батыс Алашорда әскерлері бешпент, түйе шек­пен, қызыл бөрік, қысқа тон киген. Ұлттық әскердің тұңғыш негізін салушы алаш әскерінің туы ақ түсті, ортасында киіз үйдің суреті және «Жасасын, Отанның адал Ұлдары!» де­ген жазу болған. Алашорда басшыла­ры ұлттық әскерді барлық мүмкіндіктерді пайдала­нып қаруландырып, үйретуге ұмтылғанын байқаймыз. Мыса­лы, Алаш үкіметі 1918 жылдың көктемінде келіссөз жүргізіп, Самарадағы ақгвардияшылар үкіметінен 2 млн. сом ақша алып, оның 1,5 млн.-ын Шығыс Алашордаға, 500 мың сомын Батыс Алашордаға бөледі. Ба­тыс Қазақстанда Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер Самарадағы Құрылтай комитетімен келісіп, 2000 мылтық, 38 пулемет, 2 зеңбірек, 2 автомобиль алған. Торғай өңірінде М.Дулатов ел аралап, әскерге жігіт жинап, оларды қаруландырып, үйретуге көп күш жұмсағанын білеміз.

* * *

Ал Семейде 1918 жылдың қаңтар және мамыр айла­рында бірінші Алаш атты әскер полкі жасақталады. Оны ұйымдастыру мен жабдықтауда Ә.Бөкейханов, капитан Хамит Тоқтамышев, Семей уездік земствосының төрағасы А.Қозыбағарұлы, М.Тынышпаев, Р.Мәрсеков көп еңбек сіңірген. Семей өңірінің қалталы азаматтары да көмек қолын ұсыныпты.

Алаш әскеріне қажетті әскери киім даярлауда Алашор­да қайраткерлері ынтызарлық танытқан. Мәселен, М.Тынышпаевтың зайыбы Гүлбаһрам Тынышпаеваның бастамасы­мен әйелдер әскерге киім тігу мақсатында арнайы «әйелдер қоғамын» құрған. Зерттеуші Е.Сайлаубайдың деректеріне қарағанда әскер негізінен Се­мей және Қарқаралы уездерінің жігіттерінен жасақталған. Жақсы қаруланған Семейдегі 1-ші Алаш далалық атты әскер полкінің құрамында 700 адам болған, оның 35-і орыс офицер- нұсқаушылары болды. Полк командирі болып қазақ ка­питаны Хамит Тоқтамышев бекітіледі.

Бұл полк 1918 жылдың жазынан бастап Алтай губерниясының Рубцовск өңірінде және Жетісу жерінде большевиктерге қарсы ұрыс жүргізеді. Алаш полкінің Бал­табай Бейсебеков, Ахметқалы Орманбаев деген жауынгерлері қызылдармен соғыста асқан ерлік көрсетеді. Мысалы, Сарқант өңірі «Антоновка» селосында қоршауда қалған алаш полкінің 98 жауынгері 4-5 күн бойы күші басым қызыл әскердің шабуылына тойта­рыс беріп, көмек келіп жеткен­ше берілмей соғысқан. Алтай өлкесінде болған соғыс туралы Семейде шығатын «Сарыарқа» газеті былай жазған: «Алтай гу­берниясында ұрыс жүргізген алаш отрядында Тұрағұл Абаев, (Абай Құнанбаевтың баласы) Биахмет Сарманов, Қаражан Үкібаев, Тоқтар Бегметов, Ғафдолда Қаскеев, т.б. ерлікпен шайқасты. Ажалдан қаймықпай «Алаш» деп ұрандап, ұрысқа кірді. Бір шайқаста қарсы жақтың 3 жауынгерін өлтіріп, сегіз ат, 100 сом ақшасын олжалап, 11 адамын тұтқынға алып, көптеген қару-жарақты қолдарына түсірген».Қызылдар күшейіп Кеңес билігі үстемдік құра бастағанда Алашорда әскері еріксіз Кеңестер жағына шығуға мәжбүр болады. Өйткені жақсы қаруланған миллиондаған жауынгері бар Қызыл Армияға қарсы төтеп бере алмайтыны айқын еді. Алаш халқына қорған болатын әскерді сақтап қалудың басқа жолы да жоқ еді. Батыс Алашорданың қызылдарға берілгені жөніңде Қызыл Армия қолбасшыларының бірі М.В.Фрунзе 1919 жылы желтоқсанда Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинге берген телеграммасында: «...Военное значение Алашорды ничтож­но в политическом и экономи­ческом, их сдача власти, за­крепляя за нами весь степной район до берегов Каспия» деп көрсетеді.

Көпті көрген көнекөз қария Ғалым Ахмедов, Батыс Ала­шорда әскерінің бір ерлігін былай суреттейді: «1919 жылы 27 желтоқсанда қызылдардың полк командирінің бұйрығына сәйкес Қызылқоғадағы ақгвардияшылардың Елецк корпусының штабына таң ал­дында тұтқиылдан шабуыл жасап, корпус командирі гене­рал Акутинді, штаб бастығы Шадринді және Марков, Ершов деген полковниктерін қолға түсірді...»

Қолдарына билік толық тиген соң, аз ұлттардың өз әскери құрамаларының бо­луын қаламаған большевик­тер біздің ұлттық әскерімізді түгін қалдырмай таратып жібереді. Оның тарихын зерт­теуге Кеңес өкіметі тыйым салады. Сондықтан өткен ғасыр басында ұлт тағдыры шешілер тұста ел-жұртына қорған болуға тырысқан Алаш әскерінің жауынгерлік істері туралы жарияланған де­ректер өте аз. Бұл - болашақ зерттеушілерін күткен мәселенің бірі.

«namys.kz» сайты

 

0 пікір