Сенбі, 20 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3985 0 пікір 25 Маусым, 2017 сағат 19:21

Баспасөз майданында жаңа сайт: tilmedia.kz

Ғаламтор кеңістігіндегі бүгінгі қазақтілді БАҚ әлемі тағы бір тиімді сайтпен толықты.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінде «tilmedia.kz»сайтын іске қосады. Айта кетейік, порталдың мобильді қосымшасы да бар.

Ақпараттық қоғамда интернет кеңістігін тиімді пайдаланып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қолданылым аясын кеңейту мақсатында іске қосылғалы отырған портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Аудио және видео блоктарға негізделіп жасалған сайтта мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері үш тілде түсіндіріледі. Бұл сайттың басты ерекшелігі – еліміздегі видеоблок арқылы тіл үйрететін бірден-бір сайт болып табылады. Сондай-ақ, портал қолданушылары «Сұрақ-жауап» айдары арқылы кәсіби мамандардан кеңес алып, тікелей байланыс орната алады.

Abai.kz

 

0 пікір